Жол көлік оқиғасын жасағаны үшін әкімшілік айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат Ж-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы Ж. өзінің автокөлігін Қызылорда қаласы Қасымхан көшесімен басқарып келіп, ҚР жол жүрісі Қағидаларының 13.11 тармағының талаптарын сақтамай, Бейбарыс көшелері қиылысында оң жағынан басты жолмен қозғалыс жасап келе жатқан азамат А-ның басқаруындағы автокөлігіне жол бермей соқтығысып, нәтижесінде жәбірленушіге материалдық зиян келтіргені үшін, Қызылорда ІІБ-ң ЖПҚ-мен оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сотқа негізінен қарауға жолданған.

Құқық бұзушының кінәсі оның мойындаған түсінігімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасымен, жол көлік оқиғасының сызбасы мен хаттамасымен, жәбірленушінің түсінігімен және басқа да іске тіркелген құжаттармен дәлелін тапты.

Құқық бұзушы Ж. ҚР ӘҚБтК-нің 610 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 10 /он/ АЕК көлемінде 22690 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Қайнар: 
Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі