Жеке бастың құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы С.Утегенованың басшылығымен жергілікті баспасөз өкілдерінің  қатысуымен сот өндірісінде қаралған жеке бастың құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша брифинг өтті.

Брифинг барысында судья С.Утегенова статистикалық мәліметтерге тоқталып, 2017 жылдың шілде айынан бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасына енгізілген жеке бастың құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша, оның ішінде денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактілері бойынша 16 әкімшілік істің қаралғанын көрсетті. Қаралған істердің 10 ісі медиация арқылы бітімгершілікке келіп, тараптар татуласуына байланысты тоқтатылып, 6 іс бойынша тиісті әкімшілік жазалар қолданылған.

Қорытындылай келе, судья С.Утегенова брифингке қатысушыларға алғысын білдіре отырып, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауаптарын беріп, оларды азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеру және сот  төрелігінің қолжетімділігін арттыру жолында одан әрі бірлесе отырып жұмыс жасауға шақырды.

Қайнар: 
Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі