«Жеке айыптау істерінің қаралу ерекшеліктері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңақорған аудандық сотында «Жеке айыптау істерін қаралу ерекшеліктері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстелге» Жаңақорған аудандық сотының төраға міндетін атқарушы Б.Елшібеков кеңсе қызметкерлері,  аудандық прокуратура өкілдері, аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері мен аудандық заң консультациясының адвокаттары қатысты.

Іс-шара барысында жеке айыптау істері бойынша түскен арыздарды тіркеу тәртібі, сотта қаралу ерекшеліктері туралы мәселелер талқыланды.

Жаңақорған аудандық сотының судьясы Б.Елшібеков 2017 жылдың 8 айында қаралған жеке айыптау істері бойынша статистикалық мәліметтерді баяндай келе, жеке айыптау арыздарын сотқа жолдау барысында ішкі істер басқармасы  қызметкерлерінің  жіберген кемшіліктері туралы айтып өтті.

Семинарда талқыланған мәселесі бойынша басқада сұрақтар қойылып, аудандық соттың төраға м/а Б.Елшібеков оларға жан-жақты жауап беріп, өзара пікір бөлісті.

Қайнар: 
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі