Жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-бөлігімен айыпталған Г-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Байқоңыр қаласында сотталушы Г. ішімдік ішу салдарынан туындаған өзара жанжал барысында асхана пышағымен жәбірленуші В.-ның ішіне соққы жасап, осылайша оның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірген.

Байқоңыр қалалық сотының үкімімен Г. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 106-бабының 1-бөлігімен (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) кінәлі деп танылып, оған  3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі