Жаңақорған аудандық сотының ұжымы «Мектепке жол» акциясына қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Білім күні қарсаңында Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Н.О.Қосановтың бастамасымен сот ұжымы республикалық «Мектепке жол» іс-шарасына өз үлесін қосты.

Аудандық сот төрағасы Н.О.Қосанов балаларға мықты денсаулық, бақытты балалық өмір, жаңа оқу жылында биік белестерден көрінулеріне, елін-жерін сүйетін мықты азамат болып ер жетулеріне тілектестігін білдірді.

Өз кезегінде аудандық сот ұжымына ата-аналар мен балалар ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.

Қайнар: 
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі