Жаңақорған аудандық соты үшжақты Меморандумға қол қойды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңақорған аудандық соты, көлік прокуратурасы және Қызылорда стансасындағы Желілік ішкі істер бөлімі сот ісін жүргізудің ашықтығын, жеделдігін арттыру мен құжат айналымын қысқарту мақсатында үшжақты Меморандумға қол қойды.

Шараға Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Н.Қосанов, көлік прокуратурасының өкілі Т.Шуленбаев және Қызылорда стансасының Желілік ішкі істер бөлімінің өкілі Н.Қошқарбеков қатысты.

Сот төрағасы Н.Қосанов аталған Меморандум қылмыстардың ашылуы жүйелі көмегі, үлкен септігі тиетінін, сотқа дейінгі және сот барысы кезінде дауларды реттеу болып табылатынын айтып өтті.

Пікір алмасу кезінде Меморандумды дамыту үшін ұсыныстар қаралып және олардың бірігіп келіскендерін қатысушылар бірауыздан қолдады.  

Источник: 
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі