Жаңақорған аудандық соты науқасты мәжбүрлеп емдетуге жолдады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңақорған аудандық соты  туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азамат П-ны  мәжбүрлі түрде емдеуге жолдау туралы «Жаңақорған аудандық орталық ауыруханасы» МҚК-ның арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, ұсыныста көрсетілгендей науқас П. ем-шарадан қашқақтап, жүргізілген түсіндірме жұмыстарын тыңдамай, тағайындалған күндізгі емдеу шараларына келмей, үнемі жасырынып жүрген.

Қазақстан Респуликасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 107-бабы 1,2,3 бөліктеріне сәйкес туберкулезбен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу пациенттерді туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымдарда оқшаулау арқылы туберкулезге қарсы және симптоматикалық емдеуді қамтиды. Туберкулезбен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге олардың медициналық құжаттамада тіркелген, дәрігер тағайындаған емделуден бас тартуы негіз болып табылады. Туберкулезбен ауыратын және емделуден жалтарып жүрген азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы шешімді сот денсаулық сақтау ұйымдарының ұсынуы бойынша қабылдайды.

Аудандық соттың шешімімен дерттің әлеуметтік қаупін ескеріп, аудандық ауруханының арызын қанағаттандырып, науқасты мәжбүрлеп емдетуге жолдады.

Шешім заңды күшіне енбеген.

Источник: 
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі