Жаңақорған аудандық соттында татуласуға байланысты әкімшілік іс қысқарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңақорған аудандық сотында азамат Ш-ға  қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, құқық бұзушы Ш. өзінің тұрғын үйінде, заңды некедегі жұбайы жәбірленуші К-мен араларында болған келіспеушілік барысында, оған былапыт сөздер айтып, сыйламаушылық білдіріп, тұрғын үйінің заттарын бүлдіріп, тыныштығын бұзған.

Сотта қарау барысында құқық бұзушы Ш. кінәсін мойындап, жұбайы К-дан кешірім сұрап, онымен татуласуына байланысты, әкімшілік істі қысқартуды және әкімшілік жауаптылықтан босатуды сұрады. Сот отырысында жәбірленуші К. аталған оқиға бойынша жұбайы Ш-ға кешірім беріп, онымен татуласқанын айтып, әкімшілік істі өндірістен қысқартуды сұрады.

Аудандық соттың қаулысымен азамат Ш. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-ің 64-бабының 1-бөлігінің негізінде жәбірленушімен татуласуына байланысты, оны әкімшілік жауаптылықтан босатып, әкімшілік ісі өндірістен қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Источник: 
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі