Жалағаш ауданында «Медиация – мақсаты бітімгершілік» тақырыбында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «дөңгелек үстел» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Медиация-мақсаты бітімгершілік» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Іс-шараға Жалағаш аудандық сотының төрағасы Асылхан Мизанбаев, Қызылорда облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» этносаралық қатынастарды талдау және мониторинг бөлімінің аға сарапшысы Б.Үсенбаев, аудандық жастар ресустық орталығының директоры Е.Бақбергенұлы, кәсіби медиатор М.Хайдаров және аудандық ішкі саясат бөлімінің мамандары, барлық ауылдық округтердегі кәсіби емес медиаторлар және бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты.

«Дөңгелек үстелде» Жалағаш аудандық сотының төрағасы А.Мизанбаев, медиация - институты қазақ халқына жат емес, керісінше, жақын екенін, қарапайым тілмен түсіндіретін болсақ, бұл ата-бабамыздың салтында, дәстүрінде болған  институтының жалғасы екенін атап өтті. Біріншіден, дауды шешуде екі тарапты да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу болса, екіншіден, екі тарап арасындағы белгілі бір даулы мәселені сотқа дейін шешетінін жеткізді.

Жиын соңында «Қоғамдық келісім» этносаралық қатынастарды талдау және мониторинг бөлімінің аға сарапшысы Б.Үсенбаев кәсіпқой медиатор М.Хайдаровқа «Алғыс хат» табыстады.

Қайнар: 
Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі