Ювеналды сотында семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қызметкерлері арасында семинар сабағы өткізілді.

Шараға кеңсе меңгерушісі А.Кайбалдиева мен кеңсе қызметкерлері қатысты.

Семинар сабағын кеңсе меңгерушісі А.Кайбалдиева ашып, қатысушыларды семинар сабағының тақыптарымен таныстырып, сөз кезегін жетекші маман сот жасауылы А.Нешжановаға берді.

Өз кезегінде жетекші маман сот жасауылы А.Нешжанова сот ғимаратына кіріп-шығу және ішкі қауіпсіздік талаптары туралы баяндады.

Шара соңында қатысушылар баяндама бойынша өзара пікір алмасып, сұрақтарын қойды.

Қайнар: 
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі