Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат Ш-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы Ш. көпқабатты үйдің ауласына қоқыс тастап, қоғамдық орынды ластап, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдіретін іс-әрекет жасаған. Мұндай құқық бұзушылық үшін Қызылорда ІІБ-нің полиция қызметкерлерімен оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сотқа негізінен қарауға жолданған.

Құқық бұзушының кінәсі оның мойындап берген түсінігімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасымен, полиция қызметкерлерінің мәлімдемесімен және басқа да іске тіркелген құжаттармен дәлелін тапты.

Құқық бұзушы Ш. ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 10 /он/ АЕК көлеміндегі әкімшілік айыппұл 30 пайызға қысқартылып, 15883 /он бес мың сегіз жүз сексен үш/ теңге  салынды.

Источник: 
Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі