Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс, медиация тәртібімен тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188 бабының 2 бөлігінің 3 тармағымен айыпталған Ж-ға қатысты қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы Ж. Арал ауданы Аманөткел елді мекенінде тұратын азамат С-ның үйінің ауласына кіріп, бөтен мүлікті жасырын ұрлау мақсатында, кіре беріс есіктің құлпын бұзу жолымен сарайға заңсыз кіріп, сарай ішінде тұрған жәбірленушінің «LG» маркалы теледидарын, «Отау-тв» қондырғысын жасырын ұрлап, оған жалпы сомасы 85 000 теңге көлемінде материалдық залал келтірген.

Кәсіпқой медиатор Б.Бердалиевтің көмегімен «Медиация туралы» Заңның 27 бабының талабына сәйкес, сотталушы мен жәбірленушінің арасында татуластыру рәсімдері өткізіліп, нәтижесінде тараптар татуласып, қылмыстық жауаптылықтан босату жөнінде өтініштер білдірген.

Осының негізінде сотталушы Ж. Қылмыстық кодексінің 68 бабының 1 бөлігінің талабына сай, қылмыстық жауаптылықтан босатылып, ісі өндірістен қысқартылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі