Талап қою мерзімі өтуіне байланысты берешек сома өндіруден бас тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Finance» Арнайы қаржы компаниясы» ЖШС-і жауапкер Б-дан заем шарты бойынша берешекті өндіру туралы талап арызымен Қазалы аудандық сотына жүгінген.

Іс құжаттарына қарағанда  «Альянс Банк» АҚ мен жауапкер арасында жасалған банктік заем келісім шартына сәйкес, жауапкерге 36 айға сыйақы үстемесімен 600 000 тенге көлемінде қарыз берілген. Жауапкер қарызды сыйақысымен қоса уақтылы қайтару туралы міндеттемесін орындамай, нәтижесінде АҚ-ы алдында берешегі пайда болған.

Факторинг келісім шартына сай, талапкер банктік заем бойынша берешекті өндіру құқығын  «Finance» Арнайы қаржы компаниясы» ЖШС-не берген.

Бұдан бөлек, жауапкерден талап қою мерзімін өтуін қолдану туралы арыз түскен, себебі соңғы төлемнен бері 3 жылдан астам уақыт өткен.

Сот іс-материалдарын зерттеп, жауапкердің талап қою мерзімін өтуін қолдану туралы уәжін заңды және негізді деп таныды.

Сот шешімімен «Finance» Арнайы қаржы компаниясы» ЖШС-нің талап арызы қанағаттандырудан бас тартылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі