Сырдария аудандық сотында «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру» тақырыбында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Іс-шараға Сырдария аудандық сотының төрағасы міндетін атқарушы Ж.Жолдасов, кәсіби емес медиатор С.Еламанов және кеңсе қызметкерлері  қатысты.

Семинар барысында «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша  пилоттық  жобасы  талқыланды.

Сот төрағасы міндетін атқарушы Ж.Жолдасов өз баяндамасында пилоттық жобаның ережелерін таныстырып, оның мақсаты мен  міндеттеріне тоқталып, «даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне және «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленгендігін және оның мақсаттарын, міндеттерін  және  тәртібін  анықтайды», - деді.

Семинар қатысушысы кәсіби емес медиатор С.Еламанов өз сөзінде медиацияның мақсаты тараптар арасындағы қақтығысты реттеу және тараптардың өзара тиімді шешім қабылдауы болып табылатынын, сондықтан, медиатордың қоғамдағы рөлі оның өмірлік тәжірибесіне, білімі мен шешендік шеберлігіне байланысты екенін айтты.

Іс-шара соңында  сот төрағасы міндетін атқарушы пилоттық жобаны халыққа барынша насихаттап, түсіндіру жұмыстары жүргізілетінін  және медиаторларды осы бағытта жұмыс жасауға белсенділік танытуға шақырды.

Шараға қатысушылар басқа да қажетті мәліметтермен бөлісіп, сұрақтарына  жауаптар  алды.

Источник: 
Сырдария аудандық сотының баспасөз хатшысы М.Асан