Судья әдебі жөніндегі комиссия төрағасы судьялармен кездесу өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысы соттарының судья Әдебі жөніндегі комиссия төрағасы Айбек Әбу жас судьялармен кездесу өткізді.

Судьялармен әңгімелесу барысында Айбек Әбу, 2016 жылы қараша айында Қазақстан Республикасы судьяларының VII-і съезінде қабылданған жаңа Судьялық әдеп Кодексі жайлы, судьялар лауазымына үміткерлерді іріктеу және қызметтегі судьяларға қойылатын талаптардың күшейтілгендігі туралы атап өтті.

Сондай-ақ, комиссия төрағасы Айбек Әбу жас судьяларға ел Президентінің қойған негізгі міндеттерін түсіндіріп, сот төрелігін іске асырудың сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына қарсы тұру және тұрақты негізде өздерінің кәсіби дағдыларын жетілдіруге әрдайым жұмыс жасау қажеттігін айтты. Ол өз сөзінде, әдеп нормаларын кез келген бұзушылық, заңға сәйкес судьяны тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін негіз болып табылатынын, ал судьяға қатысты азаматтардың өтініштері бойынша заң бұзушылық үшін, қоғамдық ықпал ету шаралары қабылдануы мүмкін екеніндігін ескертті.

Источник: 
Қызылорда қаласының № 2 сотының баспасөз қызметі