Сотпен 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында азамат С-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608 бабының 6 бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарынан белгілі болғандай, құқық бұзушы С. көлік құралын басқаруға құқығы жоқ адам бола тұра, «Лада-21214» маркалы көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқарған.

Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі, іс құжаттарымен және оның кінәсін мойындаған жауабымен дәлелденген.

Сот қаулысымен құқық бұзушы С. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен кінәлі деп танылып, 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі