Сот жасөспірімге алкогольдік өнім сатқан азаматқа айыппұл салды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жалағаш аудандық соты азаматша Г-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады.

Сотпен, азаматша Г. дүкенде сатушы болып тұрып, 1997 жылы туылған кәмелетке толмаған Т-ға алкогольдік өнімді сатқаны анықталды.

Сонымен, азаматша Г. Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Г. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 200-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде - 22690 теңге айыппұл сомасы ҚР ӘҚБтК-нің 819-бабының 2-бөлігіне сай 30 пайызға қысқартылып, 15 883 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Источник: 
Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі