Сот үкімімен сотталушы 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 42 жастағы сотталушыға қатысты қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі жарияланды.

Сотталушы Б. жәбірленушімен бірге арақ ішкен. Ішімдік ішу барысында онымен сөзге келіп, араларында жан-жал туындап, оны ұрып-соғып, жеңіл дене жарақаттарын салған. Одан кейін, жәбірленушіні өлтіру мақсатында сол жердегі асхана пышағымен қаруланып, өмірінің маңызды органы - жүрек тұсынан бір мәрте ұрып, алған жарақатынан жәбірленуші қайтыс болған. Сотталушы оқиға болған жерден бой тасалап кеткен.

Сондай-ақ, сотталушының көлігін тексеру барысында, көліктен полиэтилен пакетіне салынған жалпы салмағы 21,60 г. есірткі заты -  кептірілген марихуана  табылған.

Сот үкімімен сотталушы Б. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен (адам өлтіру), 296-бабының 2-бөлігімен (есірткі затын заңсыз иемденіп, сақтап, тасымалдау) кінәлі деп танылып, түпкілікті 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеуге деп белгіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі