Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен талапкердің талап арызы толығымен қанағаттандырылды.    

Талапкер Д. сотқа талап арыз беріп, онда жауапкер Ж-мен заңды некеде  тұрғанын, сот шешімімен неке бұзылғанын, неке бұзылғаннан кейін қайта бірге тұрғандарын, жауапкерден кәмелетке толмаған  ұлы бар екенін, жауапкер баланың  әкесі болып табылатынын, алайда кәмелетке толмаған балаға қатысты әкелігін мойындамайтынын, баланы асырап  бағуға  материалдық  көмек  бермейтінін, сондықтан соттан кәмелетке толмаған ұлына қатысты әкелікті анықтауды  және  алимент  өндіруді  сұраған.

Жауапкер Ж. сотқа арыз беріп, онда талап арызды толығымен  мойындайтынын және алимент  төлеуге  келісетінін көрсеткен.

Осыған орай сот шешімімен талапкердің талап арызы толығымен қанағаттандырылды.

Источник: 
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі