Облыстық соттың судьясы Нұрсейтов Зейнулла Әлімжанұлы «Үш би» құрмет белгісін иеленді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Конституция күні қарсаңында сот саласында ұзақ жылдар мінсіз қызмет атқарып, үлгілі еңбек жолын көрсетіп отырған облыстық соттың судьясы Нұрсейтов Зейнулла Әлімжанұлы  «Үш би» құрмет белгісін иеленді.

Судьялар одағының «Үш би» құрмет белгісі жоғары айырым дәрежесіндегі белгі болып табылады және сот төрелігін жүзеге асыру кезіндегі ерекше табыстары, көп жылдық еңбегі, белсенді қоғамдық қызметі үшін беріледі. Осындай судьялар қауымдастығы үшін ең жоғарғы марапат белгісі болып саналатын «Үш би» төсбелгісін иеленген З.Нұрсейтов 1987 жылдан бері судья қызметін атқарып келеді.

Ол 1955 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданында дүниеге келген. 1985 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. Алғаш еңбек жолын жұмысшы болып бастаған З.Нұрсейтов отыз жылдан астам уақыт Қызылорда облысының сот саласында үлкен абыроймен қызмет атқарып, сот әділдігінің жүзеге асырылуына мол үлесін қосып келеді.

Біз өз кезегімізде, судьяны Судьялар Одағы тарапынан берілген еліміздегі сот жүйесі үшін ең жоғарғы награда – «Үш би» төс белгісін иеленуімен шын жүректен құттықтаймыз!

Источник: 
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі