Облыстық соттың судьясы Молдабек Ахметов көшпелі семинар-кеңес өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облыстық соты, Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік соты, Көлік прокуратурасы және Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы бірлесіп «Көліктік бақылау органдарының құзырында қаралатын ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің тәртіптерімен заңдылықтарын сақтау» тақырыбында көшпелі семинар-кеңес өткізді.

Семинар-кеңеске Қызылорда облыстық сотының судьясы Молдабек Ахметов төрағалық етіп, мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Шалхар Қожантаев, облыстық көлік прокурорының орынбасары  Ғабит Тлеубаев, облыс бойынша көліктік бақылау инспекция басшысы Ержан Жолдасов және Инспекция қызметкерлері қатысты.

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Шалхар Қожантаев көліктік бақылау органдарының құзыретінде жататын баптар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық өндірісін жүргізу барысында лауазымды тұлғалардың негізгі міндеттері мен құқықтарына және жаңадан өзгерістер мен толықтырулар енгізілген заңнамалық актілерге түсіндірме жүргізді.

Семинар-кеңес соңында қатысушылар баяндамаларды талқылап, бірқатар ұсыныстар қабылдады.

Источник: 
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі