Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «дөңгелек үстел» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің қолдану барысында туындайтын мәселелер» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

Шараға сот төрағасы Қанатбек Абдуллаев, судья Қайратбек Бержанов, қалалық прокуратура, ювеналды полиция, қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі орган және «Сыр Ұландары» Қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты.

Сот төрағасы Қ.Абдуллаев «дөңгелек үстелді» ашып, хаттама толтыру барысында жіберілетін қателіктерге тоқталып өтіп, қатысушыларды ағымдағы жылда түскен әкімшілік істердің статистикалық мәліметімен таныстырып өтті.

Өз кезегінде судья Қ.Бержанов қатысушыларды кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауапкершілігі туралы атап өтті. Инспектор Азизхан Умирбеков хаттама толтыру барысында туындайтын мәселелердің себептері туралы баяндады.

Өз баяндамаларымен Қызылорда қалалық прокуратура бөлімінің прокуроры Айжан Султамуратова және «Сыр Ұландары» қоғамдық бірлестішінің жетекшісі Райхан Садыкова таныстырып өтті.

«Дөңгелек үстел» соңында сот төрағасы Қанатбек Абдуллаев қатысушыларға алғыс айтып, алдағы уақытта бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Источник: 
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі