Қызылорда қаласының №2 сотында брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы К.Кусекеев сотта қаралған қылмыстық іс бойынша БАҚ өкіліне брифинг өткізді.

Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 2 бөлігінің 2 тармағымен сотталған азаматша  Г. бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатында «Диагностикалық орталыққа» кіріп, сол жерде жұмыс жасайтын қызметкердің  кабинеттен шығып кеткендігіне көз жеткізіп,қызметкердің сөмкесінен ақшасын жымқырған. Осы тектес қылмыстарды бірнеше рет қайталаған.

Сот үкімімен сотталған  Г.Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Брифинг соңында БАҚ өкілі қылмыстық іс бойынша сауалдар қойып,қойған сауалдары бойынша нақты жауаптарын алды.

Үкім заңды күшіне енді.

Источник: 
Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз қызметі