Қызылорда қаласының №2 сотында «Ашық есік күні» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облыстық сотымен бекітілген кестеге сәйкес, Қызылорда қаласының №2 сотында «Ашық есік күні» өткізілді.

«Ашық есік күніне» қала тұрғыны А.Жұматаева келіп, соттың шығарған шешімінің дұрыс орындалмауы және де өзіне жасалған қорқыту әрекеттері жөнінде сұрақтарына жауап алды.

Қабылдауды жүргізген Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы Б.Жаңабаев қойылған сұрақтарға жауап берді. 

«Ашық есік күні» шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімінің деңгейін арттыру мақсатында өткізіледі.

Қайнар: 
Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз қызметі