Қызылорда қаласының №2 соты үшжақты Меморандумға қол қойды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының №2 соты, көлік прокуратурасы және Қызылорда стансасының Желілік ішкі істер бөлімі сот ісін жүргізудің ашықтығын, жеделдігін арттыру мен құжат айналымын қысқарту мақсатында үшжақты Меморандумға қол қойды.

Аталған Меморандум шеңберінде құқық қорғау органдары мен сот ынтымақтастықты үш тізбекті позицияларында жүргізуге келісті.

Атап айтқанда, Қызылорда стансасының Желілік ішкі істер бөлімі - теріс қылықтар бойынша дәлелдемелерді бекітіп және сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметін оңтайландырады. Қызылорда көлік прокуратурасы - прокуратураға келіп түскен қылмыстық істерді 1 тәулік ішінде  жедел зерделеп, сотқа жібереді. Сот өз кезегінде – келіп түскен қылмыстық істерді 3 тәуліктен кешіктірмей тағайындайды және қысқартылған тәртіппен 7 тәулік ішінде қарайды.

Источник: 
Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз қызметі