Қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Д.Абдыкалыков, жұртшылық арасында қоғамдық пікір туғызған іс бойынша, БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.      

1 сотталушы алкогольді масаю күйінде ағайынды 2 жәбірленушіні ұрып-соғып, денесінің әр жерінен теуіп, оларға дене, бас жарақаттарын салып, біреуі ауыр дене жарақатымен ауруханаға түсіп, екіншісін қазаға ұшыратқан және онымен бірге алкогольді ішімдіктерді бірге ішкен екі сотталушы жасалған қылмысты көріп, біліп, ол туралы хабарламаған.

Брифингте аталған қылмыстық іс бойынша БАҚ өкілдерінің  қойған сұрақтарына судья жауап берді.

Сот үкімімен сотталушыға бір адам өлтіруге оқталғаны және екінші адамды өлтіргені үшін 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеуге және қасында екі сотталушы ауыр қылмыс жасалғаны көріп, ол туралы тиісті органдарға хабарламағаны үшін 3 жылға және 2 жылға бас бостандықтарынан айырылып, жазаларын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеуге деп белгіленді.

 Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі