«Конституция-ұлтаралық ынтымақтастық негізі» атты кездесу өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жалағаш аудандық сотының қолдауымен аудандық архивте Қазақстан Республикасы Конституция Күніне арналған кездесу өтті.

Кездесуге аудандық соттың кеңсе меңгерушісі А.Алтынбаев, соттың бас маманы Б.Исағабылов, аудандық архив директоры Ж.Ибраев, архивисі Н.Құланбаева, инспектор А.Тиінов және аудандық ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Аудандық соттың кеңсе меңгерушісі А.Алтынбаев өз баяндамасында Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданғанын, аталған күн мемлекеттік мереке - Конституция күні болып табылатынын айтып өтті.

Аудандық архив директоры Ж.Ибраев өз баяндамасында негізгі заңның тарихы туралы, Конституция күні мерекесіне байланысты өткізіліп жатқан іс-шаралар туралы айтып өтті.

Кездесу соңында аудандық соттың кеңсе меңгерушісі барлық қатысушыларды мерекемен құттықтады.

Источник: 
Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі