Қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жаза тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Байқоңыр қалалық сотында Қылмыстық Кодексінің 346-бабы 1-бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығын айырылған, алкогольдік, масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) азамат Ж.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, бұрын Байқоңыр қаласындағы 26 әскери горнизондық сотымен 3 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан азамат Ж., алкогольдік ішімдік ішкен күйінде Байқоңыр қаласында Янгелямен Сейфуллин көшелерінің қиылысында полиция қызметкерлерімен ұсталды.

Сот үкімімен  азамат Ж. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 346-бабы, 1-бөлігімен қарастырылған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған көлік жүргізу құқығынан 3 жыл мерзімге айыра отырып, 150 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.

Қайнар: 
Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі