Кәмелетке толмағанға қатысты алимент төлеуден босату туралы талап арыз қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талапкер Н. сотқа талап арыз беріп, онда Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен өзінің  кәмелетке  толмаған балалары  А. мен П-ға қатысты ата-аналық құқығынан айырылғанын, сот шешімімен оларды асырап бағу үшін алимент өндірілгенін, алайда алимент төлеуге мүмкіншілігі, қазіргі таңда тұрақты мекен-жайы жоқ екенін, өзі облыстық психоневрологиялық диспансерінің есебінде тұратынын, мүгедектігіне байланысты жәрдемақы алатынын көрсетті. Сондықтан өзін кәмелетке толмаған балалары А. мен П-ға алимент төлеуден босатуды  сұраған.

Сот шешімімен талапкер Н-ның алимент төлеуден босату туралы талап қою арызы қанағаттандырылды.

Источник: 
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі