Әкімшілік қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңақорған аудандық сотында азамат Т-ға  қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта, құқық бұзушы Т.  көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра, Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидасының 2.4.2,13.11 тармақтарының талаптарын сақтамай, алкогольдік масаң күйде автокөлікті басқарғаны анықталды.

Аудандық соттың қаулысымен азамат Т. Қазақстан Республикасы  ӘҚБтК-нің  608-бабының 6-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

Қаулы заңды күшіне енген.

Қайнар: 
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі