Әкелік парызын орындамаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында азамат Б-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат Б. Арал аудандық сотының сот бұйрығымен өндіріп алушы У-дың пайдасына алимент төлеуге міндеттенген. Борышкерге сот орындаушысымен бірнеше мәрте сот актісін орындау жөнінде ескертулер берілгенімен, сот актісін орындамаған. Нәтижесінде, борышкердің бүгінгі күнге алиментке қарызы 2 467 795 теңгені құраған.

Сот отырысында, құқық бұзушы кінәсін толық мойындап, тұрақты жұмысы болмағандықтан алимент төлеуге мүмкіндігі болмай жүргенін көрсеткен.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Б. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669 бабымен кінәлі деп танылып, әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Источник: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі