Қазалы аудандық сотында брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазалы  аудандық сотының  төрағасы  Қ.Темірбаев Қазалы ауданық сотында «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеуді енгізу» бойынша Жоғары Соттың пилоттық жобасы бойынша  жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының  қатысуымен  брифинг өткізді.

Төраға Қ.Темірбаев, жоба шеңберінде бала мүдделері, кей санаттағы еңбек даулары, мұрагерлік, көршілер арасында жер учаскесінің шекараларын анықтау, пәтерді су басу, пәтерден шығару, некені бұзу, мүлікті бөлу, қарыз, сақтандыру шарттарына қатысты даулар бойынша медиацияны міндетті түрде жүргізу қамтылғанын, пилоттық жобаның жекелеген санаттағы дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді азаматтық сот ісін жүргізуге енгізу болып табылатынын, медиация өткізу тәртібін, жобаның артықшылығы мен ерекшелігін атап өтті. 

Шара барысында БАҚ өкіліне пилоттық жобаны жүзеге асыру барысында атқарылып жатқан іс-шаралар туралы ақпарат берілді.

Қайнар: 
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі