Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 68-бабы бойынша қылмыстық іс тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабының 1 бөлігімен, сотталушы Л-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы Л. пәтерінде болып, алкогольді мас күйінде өзінің іс-әрекетінің бақылаусыз екеніне көз жеткізіп, жәбірленуші П-ның құны 3500 теңге тұратын маркалы «Самсунг СМ-А510»  ұялы телефонды жасырын жымқырып кеткен.

Сотталушы Л. сот талқылауында кінәсін толық мойындап, жәбірленуші П-ға келген материалдық зиянды қалпына келтіргенін, онымен татуласқандықтан істі қысқартып, жауаптылықтан босатуды сұраған.

Жәбірленуші де сотталушыға кешірім беретінін, материалдық зиянды қалпына келтіргенін айтты.

Сот қаулысымен сотталушы қылмыстық жауаптылықтан босатылып, Қазақстан Республикасының ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігі сай. Жәбірленуші мен айыпталушы татуласып, келтірілген зиян толық өтелуіне байланысты қылмыстық іс тоқтатылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі