Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 68-бабы бойынша қылмыстық іс тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабының 1 бөлігімен, сотталушы Т-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы Т. алкогольді мас күйінде Д-ның пәтерінде болып, өзінің іс-әрекетінің бақылаусыз екеніне көз жеткізіп, жәбірленуші Д-ның құны 20900 теңге тұратын алтын сырғасын жасырын жымқырып кеткен.

Сотталушы Т. сот талқылауында кінәсін толық мойындап, жәбірленуші Д-ға келген материалдық зиянды қалпына келтіргенін, онымен татуласқандықтан істі медиация тәртібімен қысқартып, жауаптылықтан босатуды сұраған.

Жәбірленуші де сотталушыға кешірім беретінін, материалдық зиянды қалпына келтіргенін айтты.

Сот қаулысымен сотталушы қылмыстық жауаптылықтан босатылып,  Қазақстан Республикасының ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігі сай. Жәбірленуші мен айыпталушы татуласуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды.

Қайнар: 
Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі