«Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің өзекті талаптары мен нормаларын қолдану» тақырыбында тренинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінде Байқоңыр қалалық сотының төрағасы М.Тұрғанбаев, Байқоңыр қаласының прокуроры М.Ерназаров Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің жеке құрамының қатысуымен «Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің өзекті талаптары мен нормаларын меңгеру тақырыбында» тренинг өткізді.

Тренингте әкімшілік полициясы бөлімі бастығының орынбасары Қ.Елденбаевтың Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің өзекті талаптары мен нормаларын меңгеру және пысықтау тәртібі жөніндегі баяндамасы тыңдалып, сот төрағасы М.Тұрғанбаев пен қала прокуроры М.Ерназаров әкімшілік полиция қызметкерлерімен әкімшілік істерді қозғау кезінде жиі жол берілетін қателіктерге тоқталып, оған жол бермеу мақсатында түсіндірмелер жүргізді.

Сонымен бірге, іс шара барысында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-не енгізілген өзгертулер мен толықтырулар талқыланды.

Талқылау барысында тренигке қатысушылар сұрақтарына жауап алып, өзара пікір алмасты.

Источник: 
Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі