Қарыз сомасын өндіру туралы талап арыз оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талапкер «Э» еншілес жаупкершілігі шектеулі серіктестігінен  жауапкер «У» жеке кәсіпкерінен 10 797 теңге қарызды өңдіру туралы азаматтық іс қаралды.

Іс құжаттарынан анықталғандай, талапкер мен жауапкер 2014 жылдың 14 сәуірінде тұрмыстық емес тұтынушыларды электр қуатымен жабдықтау туралы №53000622 келісім шартын жасаған. Шарттың 2 тармағына сәйкес, жеткізуші тұтынушыға электр беруші ұйымның қосылдырылған желісі арқылы электр энергиясын беруге, ал тұтынушы шартқа сәйкес тәртіпте және шарттарда қабылданған электр энергиясына ақы төлеуге міндеттенеді.

Алайда, жауапкер шарт бойынша өз міндеттемесін бүгінгі күнге дейін орындамаған.

ҚР АК-нің 272-273-баптарына сәйкес, міндеттеме - міндетеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиісінше орындалуға тиіс, ал заңдарда немесе шартта көзделгеннен басқа реттерде міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуға және оның шарттарын біржақты өзгертуге жол берілмейді.

Сот аталған істі оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарауды ұйғарып, талапты толығымен қанағаттандыру туралы шешім шығарды.

Источник: 
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі