Қармақшы аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қармақшы аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті. Шараға келген азаматтарды аудандық соттың төрағасы м.а. Л.Алибекова қабылдады.

«Ашық есік күні» шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сот төрелігіне қолжетімді ету мақсатында өткізіледі. Сонымен бірге, сот билігінің беделін, ашықтығы мен жариялығын арттыру, БАҚ өкілдерімен азаматтардың сауалдарына жауап беру болып табылады.

Іс-шараға келген кент тұрғыны А.Адепбаева келіп, өзінің толғандырып жүрген мәселелері бойынша сауалдарын қойды.

Қабылдауда болған А.Адепбаеваға заң нормалары түсіндіріліп, сауалдарына жауап берілді.

Қайнар: 
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі