«Гендерлік теңдік» тақырыбында семинар сабақ өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қармақшы аудандық сотында сот мамандарының қатысуымен «Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар сабағын аудандық соттың төраға м.а Л.Алибекова ашып, күн тәртібіндегі мәселеге тоқталды.

Семинар барысында аға сот жасауылы А.Мырзағұлова баяндама жасап, елде  гендерлік теңдіктің дамуы 2000 жылдан басталғанын, өйткені әйелдерге қатысты қылмысты тіркеу статистикасын енгізгеннен кейін белгіленгенін атап өтті.

Осы жылы гендерлік саясатқа қатысты жаңа бағдарлама дайындалады. «100 нақты қадам» ұлт Жоспарына сәйкес, гендерлік саясатты жүзеге асыруға көзделген  мақсаттары, міндеттері, механизмдері және нәтижелері көрсетілген.

Шара нәтижесі бойынша қатысушылар өз пікірлерімен бөлісті.

Қайнар: 
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі