Ескерту түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Арал аудандық сотында азамат У-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азамат У. алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйінде, өз үйінде әйелімен айқайласып, оған балағат сөздер айтып, оның жанжалды доғар деген талабына құлақ аспаған.

Сотта жәбірленуші Ж. құқық бұзушымен татуласпағанын, заң жүзінде шара көруді сұрайтынын көрсеткен.

Сот қаулысымен құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған ескерту түріндегі жаза қолданылды.

Қайнар: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар