Еңбек саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында заңды тұлға Э. ЖШС-не қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462 бабының 3 бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасымен Қызылорда қаласы, Марғұлан көшесінде орналасқан жұмыс беруші Э. ЖШС-не ҚР Еңбек кодексінің талаптарының сақталуына тексеру жүргізіліп, нәтижесімен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарын орындалмағаны айқындалып, оларды жою жөнінде  нұсқама берілген.

Аталған нұсқаманың жүзеге асырылғаны жөнінде жоспардан тыс жүргізілген тексерумен, аталған нұсқаманың орындаусыз қалғаны айқындалуына байланысты, аталған ЖШС-не қатысты Басқарманың мемлекеттік инспекторымен ҚР ӘҚБтК-нің 462 бабының 3 бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сотқа негізінен қарау үшін жолданған.

Құқық бұзушының әрекеті әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасы және басқа да іс бойынша жинақталған құжаттарымен дәлелденіп бекітілді.

Құқық бұзушы Э. ЖШС-і ҚР ӘҚБтК-нің 462 бабының 3 бөлігімен кінәлі деп танылып, қызметін 1 /бір/ күнге тоқтата тұрып, оған 100 /бір жүз/ айлық есептік көрсеткіш көлемінде 226 900 /екі жүз жиырма алты мың тоғыз жүз/ теңге айыппұл салынды.

Источник: 
Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі