Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс тараптардың татуласуы бойынша тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігімен азамат Н-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы Н. кафеде өзінің танысы К-мен алкоголь ішімдігін ішіп, одан кейін онымен сөзге келіп қалып, жұдырығымен оның бетінен ұрып, қоғамды анық құрметтемеушіліктен көрінетін, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, жәбірленушіге қарсы күш қолданумен ұштасқан бұзақылық жасаған.

Сотталушының қылмыстық әрекеті, іс құжаттарымен және сотта өзінің айыбын мойындап берген жауабымен толық дәлелденген.

Сотқа жәбірленуші К. сотталушымен өзара ымыраға келгендерін, сондықтан, қылмыстық істі тоқтатуды сұрап өтініш білдірген.

Осының негізінде, сотталушы Н. қылмыстық кодексінің 68 бабының 1 бөлігінің талабына сай, жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды.

Источник: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі