Бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қармақшы аудандық соты Қармақшы аудандық пробация қызметінің сотталушы Е-ге қатысты бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсынысын қарады.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы Е. Қармақшы аудандық сотының 30.11.2016 жылғы үкімімен ҚР ҚК-нің 188 бабының 2 бөлігінің 3 тармағымен 2 (екі) жыл 6 (алты) ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, 24.01.2017 жылғы Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының қаулысымен бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылған.

Алайда, сотталушы Е. оң қорытынды шығармай, жазасын өтеу шартын бұзған.

Сот ұсынысты қанағаттандырып, шектеу жазасының өтелмеген бөлігін жалпы режимдегі түзеу колониясында бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырды.

Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі