БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шиелі аудандық сотында «Оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен азаматтық істерді қарау тәжірибесі»  тақырыбында брифинг өтті.

Брифингте Шиелі аудандық сотының судьясы  Г.Кұрманбай жергілікті «Шарайна сейхун» газетінің тілшісі Б.Маденовтың сұрақтарына жауап берді.

Судья өз сөзінде Азаматтық іс жүргізу кодексі бойынша оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен бұйрық арқылы іс жүргізу және оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен істер қаралатынын атап өтті.

Судья сот бұйрығы шығарылатын талаптар, оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатын істер санатына тоқталды.

Сонымен қатар, істерді оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қарау ерекшеліктерін атап өтті.

2017 жылдың бірінші жартыжылдығында Шиелі аудандық сотында 610 азаматтық іс қаралған, оның 112 бойынша сот бұйрығы, 441 шешім шығару арқылы аяқталған, осы  істердің 181 оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен шешім шығару арқылы аяқталған, яғни шешімдердің 41%  оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қабылданған.

Судья оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен іс қарау тараптардың уақытын үнемдеуге, істердің жедел қаралып шешілуіне, судьялардың жүктемесінің азаюына септігін тигізетініне тоқталды.

Брифинг соңында судья Г.Кұрманбай БАҚ өкілінің сұрақтарына  осы мәселелер бойынша сот тәжірбиесінен мысал  келтіре отырып  толық жауап берді.

Источник: 
Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі