Азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қармақшы аудандық сотында талап қоюшы Т. жауапкер А-дан қарыз ақша өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс материалдарынан анықталғандай, жауапкер А. талап қоюшы Т-дан  қарызға ақша алып, қарызды уақытында қайтармаған.

Сот отырысында тараптар дауды медиациялық тәртіппен реттеу туралы келісімге келіп, соттан істі медиациялық келісімге келулеріне байланысты істі тоқтатуды сұраған.

Сот тараптардың медиациялық келісімге келуіне байланысты істі өндірістен қысқартты.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі