Азаматтық іс медиация тәртібімен аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен баламен кездесу уақытын белгілеу туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер В. сотқа талап арыз беріп, онда жауапкер Л-дан кәмелетке  толмаған  балаларын өз тәрбиесіне  алып  беру  немесе олармен апта сайын  кездесу  уақытын  белгілеуді сұраған.

Істі қарау барысында талапкер мен жауапкер сотқа дауды медиация  тәртібімен  реттеу  туралы  өтінішхат  берді.

Тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келіп іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұрады.

Сот ұйғарымымен талапкер  кәмелетке  толмаған  балаларымен айына  төрт  рет  кездесу  мүмкіндігін алды.

Источник: 
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі