Архив событий

11/12/2014

Қазақтың басты құндылығы – тәуелсіздік

11/12/2014

 

Бірер күндерден соң жерінің асты сарқылмас байлыққа, жерінің үсті парасатты халыққа толы Қазақстан елі Тәуелсіздігінің 23 жылдығын зор салтанатпен атап өткелі отыр. Көк туын желбіреткен, Әнұранын шалықтатқан елімізді қазірде бүкіл әлем мойындайды. Бұл күн – ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті.

Қызылорда қалалық сотында брифинг өтті

11/12/2014

 

2014 жылдың 9 желтоқсанында Қызылорда қалалық сотының мәжіліс залында «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сот төрелігін іске асыруды одан әрі жеңілдету, төрешілдік   рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен  толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы бойынша брифинг өткізілді. Брифингті Қызылорда қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі судьясы К.Садуақасова, Н.Төлеш, Э.Ахметова, Ж.Дербисалиева, Т.Жусупов, Ә.Джумабаев, баспасөз хатшысы М.Асанова жургізді.

Келінін тонаған

11/12/2014

 

Сотталушы Е. бөтеннің мүлкін ірі мөлшерде жасырын ұрлау мақсатында, Қазалы қаласында, өзінің келіні жәбірленуші Б.-ның үйінің есігі ашық тұрғанын пайдаланып, үйге кіріп, жатын бөлмеде сандық ішіндегі әйелдер курткасының қолтығында пакетте ораулы тұрған қызыл түсті әмиянынан 1 200 000 теңге, 100 АҚШ доллары және құны 50 000 теңге тұратын алтын сырғасымен бірге жасырын ұрлап, жәбірленушіге ірі мөлшерде 1 268 000 теңге мүліктік залал келтірген.