Қызылорда қалалық сотында брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

2014 жылдың 9 желтоқсанында Қызылорда қалалық сотының мәжіліс залында «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сот төрелігін іске асыруды одан әрі жеңілдету, төрешілдік   рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен  толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы бойынша брифинг өткізілді. Брифингті Қызылорда қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі судьясы К.Садуақасова, Н.Төлеш, Э.Ахметова, Ж.Дербисалиева, Т.Жусупов, Ә.Джумабаев, баспасөз хатшысы М.Асанова жургізді.

Брифингке Қызылорда облыстық орталықтандырылған адвокаттар алқасының адвокаттары Т.Мырзамбетов, Г.Миманова және Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының заңгері А.Жусупов қатысты.

Брифингте судьялар мен адвокаттар өзгеріс енгізілген жаңа заңды жан-жақты талқылап, өз пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ жаңа заң сот төрелігінің ашықтығын,айқындығын және тараптар үшін ұтымдылығын атап  айтып өтті.      

Қайнар: 
Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі