Архив событий

31/12/2014

Жаңа 2015 жыл - бірлік пен татулықтың жылы болсын!

31/12/2014

 

Сіздерді жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймын.

Жаңа жыл өткен жылдың қорытындысын жасап, атқарылған істі саралайтын кезең екендігі белгілі. Халқымызда “Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп” деген даналық сөз бар. Біз қашанда өткенге салауат айтып, болашақтан жақсылық күткен халықпыз. Келе жатқан жыл тәуелсіз Отанымыздың үйлесімді тұрақтылығын нықтай түсетін жыл болсын!

Жаңа жыл – жаңа үміттер мен жаңа жоспарлар, елімізге бейбіт өмір, халқымызға береке әкелсін.

Келер жыл ырыс пен ынтымақты жыл болсын!

31/12/2014

 

Егеменді еліміз тағы бір жылды еңсеріп, санаулы күндерден кейін күнтізбеде жаңа жылдың бетін айқара ашқалы отыр.

 Ескі жылдың есіркеуі мен жаңа жылдың жарылқауын тілеп отыратын қазақ халқы үшін әрбір жылдың орны ерекше. Тарих беттеріне әрбір өткен жылдағы Қазақстанның өрлеу жолындағы жеткен жетістіктері мен толағай табыстары жазылып келеді.

Спорт саласына өзінің елеулі үлесін қосқаны үшін «60 жыл» медалімен марапатталды

31/12/2014

 

2014 жылдың желтоқсан айының 25-не Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына 60 жыл толу мерейтойына қатысты өткізілген іс-шараға Қызылорда қаласының № 2 сотының төрағасы С.Сүлеймен қатысып, Қармақшы ауданында әкесі Болатбек Сүлейменовтің атындағы дзюдо күресін жастар арасындағы халықаралық турнирді 14 жыл өткізгені және Шиелі ауданында М.Шоқай атындағы жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирдің ашылып, ізге түсуіне, спорт саласына өзінің елеулі үлесін қосқаны үшін «60 жыл» медалімен марапатталды.

Сотта алимент төлеуден жалтарған сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды

31/12/2014

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шағым беруші Д.Бижанова азамат Н.Қалиевтің Қазақстан Республикасы ҚК-нің 136 бабының 1 бөлігімен жеке айыптау тәртібімен қозғалған қылмыстық істі қарап аяқтады.