Архив событий

18/12/2014

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында брифинг өтті

18/12/2014

 

2014 жылдың 15 желтоқсанында Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында БАҚ өкілдірімен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттілік берген органдар және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу» тақырыбында брифинг өтті.

Брифингті Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы А.Байбулатова жүргізді. 

Судьялар Одағы мерекелік тарту жасады

18/12/2014

 

ҚР тәуелсіздік күніне орай Судьялар одағының Қызылорда облысы бойынша филиалы және Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы А.Дәуренбеков, Қызылорда қалалық №2 сотының төрағасы С.Сүлеймен Макаренко атындағы жетім балалар мен ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №1 мектеп-интернаты мен облыстық мамандандырылған сәбилер үйіне арнайы барып, мерекелерімен құттықтады.

Сырдария аудандық сотында жаңа ҚІЖК нормаларын талқылады

18/12/2014

 

Бүгін Сырдария аудандық сотында «Қылмыстық іс жүргізу Кодексі бойынша тұтқынға алу санкциясы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Тақырыпты талқылауға аудандық сот ұжымы мен Сырдария аудандық прокурорының орынбасары А.Казенов және Сырдария аудандық ІІБ аға тергеушісі, полиция капитаны А.Сағатбаев қатысты.

Баяндама жасаған Сырдария аудандық сот төрағасы А.Абдулла қолданыстағы Қылмыстық іс жүргізу Кодексідегі 150 бап нормаларына сәйкес тұтқындау санқциясы жаңа заңнамада екі бап, яғни 147-148 бапта реттелгенін атап өтті.

Баласына алимент төлеуден жалтарып бас бостандығынан айырылды

18/12/2014

 

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК-нің 136 бабының 1 бөлігімен кәмелетке толмаған баласына алимент төлеуден жалтарған Қ.-ның қылмыстық ісі қаралды.

Сотталушы Қ. кәмелетке толмаған баласын асырауға арналған алиментті төлеуден 3 жыл 6 айдан астам қасақана жалтарып, баласының тәрбиесімен айналыспай, баламен қарым-қатынас жасамаған. Сот отырысында азамат Қ.-ның кінәсі толық дәлелденген.