Архив событий

04/12/2014

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Ашық есік күні» өтті

04/12/2014

 

2014 жылдың 4 желтоқсанында Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық  сотында «Ашық есік» күні өтті.

Кең көлемде өткен іс-шарада азаматтарды қабылдауды Қызылорда облыстық сотының төрағасы Н.Қайырбеков, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы А.Дәуренбеков және сот судьялары жүзеге асырды.

Сондай-ақ, жергілікті басылымдардың журналистері, «Қоғам ТВ» телеарнасының тілшісі, облыс тұрғындары қатысты.

Борышты өндіріп алу туралы

04/12/2014

 

Талап қоюшы мекеме Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жауапкер ЖШС-нен борышты өндіріп алу туралы талап қоюымен жүгінген, ол өз талаптарын жауап беруші шартқа сәйкес тұтынушы болып табылатынын, алайда шарттың талаптарын бұза отырып аударым төлемдерін жүргізбегенін дәлелдеген.

Бітімгершілікпен біткен іс саны артып келеді

04/12/2014

 

Қызылорда қалалық сотында сот медиациясы пилоттық жобаның негізінде бітімгершілікпен аяқталған азаматтық істер саны күн санап артып келеді.

Мұны - пилоттық жобаның қарқынды жұмысының нәтижесі деуге болады.

Мысалы:  Қызылорда қалалық сотында бір апта ішінде 17 азаматтық іс сот медиациясымен аяқталды.

Тараптар судья медиатордың қатысуымен бітімгершілікке келіп, сот медиациясы тәртібімен дауды реттеу туралы келісімге қол қойды.